Мектептің қысқаша тарихы

Ә.Жангелдин атындағы білім ордасы 1961 жылы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш мектеп филиалы болып қаланды. Алғаш 2 сыныпқа 70 оқушы қабылданып, Дүйісова Зина, Жұмағалиева Қойжан, Жұмағалиев Әбдіраш, Амантаев Бақытжан, Көшенов Жамбыл, Нұрпейісова Айсекер сияқты ұстаздар сабақ берді.
1966 жылы мектеп сегізжылдық боп, 402 оқушыға 19 мұғалім дәріс берді.
1980 жылы орта мектепке айналып, оқушылар саны – 588, мұғалімдер саны 45-ке артты. Мектеп алғашқы 50 түлегін 1982 жылы ұшырды. Орта мектепке айналғаннан бері мектептен 1265 оқушы түлеп ұшты.
2014-2015 оқу жылында мектепке 417 оқушы тартылып, дәріс алса, 2015-2016 оқу жылында 449 бала білім алуда. Қазіргі таңда мектепте 24 сынып комплектісі бар 518 оқушы дәріс алуда. 2-МАД тобында-41 бала тәрбиеленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.