Есет Дәрібайұлы кесенесіне саяхат

16 Қазан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ә.Жангелдин атындағы білім ордасының 60 жылдық мерейтойы тұсында рухани байланыс орнатып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында мектебіміздің 11 сынып оқушылары Есет Дәрібайұлы кесенесі мен Қорғантұз мектебіне барып келді. Екі мектептің 11класс оқушылары тақырып төңірегінде түрлі пікір мен сындар айтып, тақырыпты жоғары деңгейде аша отырып өз ойларын ашық әрі еркін жеткізе білді. Адамның ой кеңістігін аша түсетін, сөз саптауын, қиыннан қиыстырып жұмыр жауап бере алатындай деңгейге жетелеуде дебат ойындарының маңызы зор. Ашық ауада “Ерлік сабағы” болып өтті. Жарысқа 2 командалық топ топта ұлдар арасында кермеде тартылу,қыздар арасында мылтық ату,газтұмылдырық кию, мергендік сынақ тапсырмалары бойынша бақ сынасты.Оқушылар қызуғушылық таныта отыра әрбір сайыста белсенділік танытты.Ел тізгінін биік ұстар ел жастары биікте болсын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.