ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ – РАДИКАЛИЗМНІҢ БАСТЫ ОШАҒЫ

Қазіргі таңда қолға қару алып соғысу ескірген әдістердің қатарына жатқызылды. Өзге идеологияны азаматтарға сіңіру үшін де бұрынғыдай ел ішіне сіңіп, үгіт-насихат жасаудың да қажеті жоқ. Тіпті біреуді қашықтан отырып-ақ өлімге, қылмысқа, террорлық әрекеттерге итермелеуге болады. Осы теріс әрекеттердің барлығы дерлік бүгінде ғаламтордың көмегімен жүзеге асып жатыр.

ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Мәселен, әлемде интернет желісін пайдаланушылардың жалпы саны 4,54 млрд адам болса, Қазақстан аумағында 17,5 млн адамды құрайды. Осыдан-ақ экстермистік топтардың үлкен мүмкіндіктерге ие екендігін байқауға болады.

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм – әлемдік дертке айналған ең күрделі проблемалардың бірі. Радикалды идеялардың дамуының жаңа кезеңінің бастауы экстремистік топтардың үгіт-насихат жұмыстарының киберкеңістікке ауысуы болып отыр. Бүгінгі таңда радикалды діни топтардың түрлі айла-әдістерді қолдану арқылы отандастарымызды өз қатарларына тарту фактілері көптеп кездесуде. Діни радикализм мен экстремизм идеологиясы ғаламтор кеңістігі мен заманауи электрондық бағдарламалық қосымшалар, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалана отырып, ақпараттық-психологиялық әсер ету арқылы қоғам санасына енуде.

Біршама социологиялық статистикалардың нәтижелеріне сүйенсек, жастардың 70 %-ға жуығы өздерінің алғашқы діни сауаттарын әлеуметтік желі арқылы алатыны анықталған. Деструктивті діни ағымның жетегіне кететіндердің 88%-на осы әлеуметтік желі тікелей әсер етіп отыр.

Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін барлық қолжетімді мүмкіндіктер қолданылады: әлеуметтік желілер, тақырыптық форумдар, мессенджерлер, онлайн ойындар және өзге де жастарды қызықтыратын бағдарламалар. Жарияланатын ақпарат белгілі бір мақсатты аудитория (жабық чаттар және әлеуметтік желілердегі топтар), сондай-ақ пайдаланушылардың кең ауқымы үшін дайындалады. Онлайн кеңістігіне көшуге байланысты экстремистік мазмұндағы ақпараттық-насихаттық материалдардың жарияланатын контентінің сапасы мен санының артуы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *