“Арифметикалық прогрессиялар” тақырыбындағы сабақ

Бүгін “Lesson study “тәсілі бойынша “Самғау” зерттеу тобының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Нұрымбетова Айна тобының мүшесі, еңбек жолын жаңа бастап жатқан жас маман, математика пәні мұғалімі Сарина Назгүл 9″А” сыныбында “Арифметикалық прогрессиялар” тақырыбында сабақ өткізді. Мұғалім топ мүшелері бірлесіп құрған сабақты сәтті алып шықты. Сабақ барысында мұғалім оқушының қызығушылығын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып,сабақтың табысты өтуіне бар ресурстарды пайдаланды. Оқушылар сабақтан соң сұхбат беріп,сабақтың ұтымды тұстары мен қиындық туғызған сәттері туралы өздерінің шынайы ой-пікірлерін ортаға салды.Бақылаушы топ мүшелері сабақты талқылап, “оқушы үнін” келесі циклда ескеру арқылы жоспар құру қажеттігі туралы ортақ шешімге келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.