Кәсіптік бағдар беру

Жастарды еңбекке баулу және болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Мектебімізде 11 сынып оқушыларына еліміздегі жаңа мамандықтар атласы арқылы кәсіптік бағдар берілді. Атлас арқылы оқушылар барлық салалар бойынша ақпараттар алып , трендтер , күтілетін жаңа мамандықтар түрлері, өзгеретін және болашақта жойылып кету қаупі бар мамандықтар туралы хабардар болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.