«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тақырыбында мерекелік концерт

Тәуелсіздік-еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы орайда, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап 4-сынып оқушылары «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концертте оқушылар ел тәуелсіздігіне арнап өлең жолдарын оқып, өз өнерлерін көрсете отырып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, Отанды сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелеуге баулыған сынып жетекшілері:
Ж. Дарменова
З. Сарина
Г. Бақтыбаеваға алғыс айтамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.