«Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбындағы сабақ

«Lesson study»
Бүгін 10 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен Құрманалина Жанымгүл Бақытжанқызы «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбында «Lesson study» тәсілі бойынша ашық сабақ берді. Сабақ барысында мұғалім бейнебаян көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашып алып, мәтінмен жұмыс жасатты.Кластер қолдану арқылы оқушыларға сұрақтар беріп,оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануына бағыт-бағдар беріп, айтылым дағдысын шебер қалыптастыра білді. SWOT талдауы арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамыта отырып,оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік жасады. «Kahoot»ойыны арқылы оқушылардың білімін бағалап және « Padlet» тақтасы арқылы рефлексия жасатты.Сабақ барысында нысанадағы «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Сабақ соңынан оқушылардан сұхбат алынып,пікірлері тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.