Оқу жөніндегі орынбасары жанындағы әдістемелік кеңес отырысы

«Lesson study» . Мектебімізде қысқы каникул кезінде жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары жанындағы әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Әдістемелік кеңес барысында «Lesson study» тәсілі бойынша 9 «А» сыныбының білім сапасының даму үдерісін зерделеп жатқан «Самғау» тобының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Нұрымбетова Айна 2021-2022 оқу жылының алғашқы жартыжылдығында жүргізген жұмыстарына рефлексиялық есеп берді. Топ жетекшісі осы уақыт аралығында жүргізген жұмыстарына толық талдау жасап, нысанадағы оқушылардың және сыныптың білім сапасының әр тоқсандағы динамикасын салыстырып, бұл тәсілдің тиімді тұстарына тоқталып өтті. Отырыс барысында мұғалімдер тарапынан осы тәсілге байланысты туындаған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.