Басуыштың аясы — бар білімнің саясы»

«Бастауыштың аясы — бар білімнің саясы»
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың жалпы білім — білік дағдыларын дамыта оқыту, білімдерін жетілдіру және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру, оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру, белсенділігін арттыру.
Бастауыш әдіс бірлестігінің «Бастауыштың аясы — бар білімнің саясы» атты онкүндігі 14 мен 24-ші ақпан аралығында өтті. Бастауыш сыныптарында апталық түрлі жұмыстармен жоспарланды. Күншуақ пен Әліппе онкүндіктің салтанаты ашылуы жүргізді. Бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Сарина З.Ж онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.Көңілді күн сыйлау мақсатында ұстаздар оқушыларды күтіп алумен бастап көңілді үзілістерге ұласты.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әр түрлі пәндерден ашық сабақтармен түрлі сыныптан тыс жұмыстар болды. Шығармашыл,өнерлі,шебер оқушылардың көрмесі және түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Оқушымен ата-аналар арасында «Шырқа,биле» атты сайыс өз нәтижесінде өтті. Мектеп ұжымының қатысуымен «Бізде бала болғанбыз» атты қысқы ойын түрлерінен өткен сайыста ұжым мүшелері ауыз біршілік танытты.Онкүндіктің жабылуында блімділігімен, шығармашылығымен,өнерімен жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Мұғалімдерге алғысхаттар тапсырылды.

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *