«Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы» тақырыбындағы сабақ

10 «а» сыныбында «Lesson study» тәсілі бойынша «Шабыт» тобының жетекшісі Альмуратова Гулжан басшылық ететін топтың мүшесі, физика пәні мұғалімі Әленов Батыр «Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы» тақырыбында сабақ өткізді.

Мұғалім «learningapps» сайты арқылы жаңа тақырыпты ашып,топтық жұмыс жүргізді. Сабақ барысында теория практикамен ұштасып, зертханалық жұмыс жасалды. Оқушылар берілген құралдар арқылы токтың кернеуі мен ток күшін өлшеп, формуланы пайдалану арқылы тізбектің жұмысын, қуатын, бөлінетін жылу мөлшерін тапты. Сабақ соңында мұғалім «Алғыс айтамын» әдісі бойынша оқушылармен рефлексия жүргізіп, топ басшысы өз тобын бағалады.

Нысанадағы оқушылардың тапсырма орындаудағы белсенділігі зерттелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.