НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ НАУРЫЗ» атты 9 «Ә» — сыныбының наурыз тойы

«НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ НАУРЫЗ» атты 9 «Ә» — сыныбының наурыз тойында ата-аналар да оқушылармен бірге өнер көрсетіп, құрметті қонақ зейнеткер ұстаз-Сания Амангелдіқызы ақ батасын берді.
Мектеп директоры А.Оспановна наурыз тілек айтып, Сания апайға «Наурыз әже» атағын табыстады.
3-тоқсан қорытындысы бойынша Маликова Ақбота «Үздік күнделік иесі» атанып, шәкіртақы мен арнайы сувенир иеленді.

Аналар қыз балаларға жүн түту, жіп иіру, құрақ құраудың жолдарын түсіндірді.
Ата-ана мен оқушы бірлесе жүргізуші боп, ән айтып, күй тартты.
Оқушылар наурыз туралы сұрақтарға ұтымды жауап берді. Арқан тартысып, күш сынасты.
Қонақтар, ата-аналар мен оқушылар қазақ халқының ұлттық тағамдары-құрт, жент, бауырсақ, ет, сусындар қойылған дастарқаннан дәм татып, наурызкөже ішіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Сынып жетекшісі: Насамбаева Жанар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.