«Қуыршақтар сөйлейді» қуыршақ театры

Сабақтың тақырыбы: «Қуыршақтар сөйлейді» қуыршақ театры
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын театр өнері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан — жақты жетілдіру. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. «Саусақ театры» арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру.
Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Ұқыптылыққа, жауапкерлілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І.Алғашқы ұйымдастыру
Зал іші ертегі әлемімен безендірілген, музыка әуені ойналып тұр.
Жүргізіші: Мансур- Қымбатты ұстаздар мен ертегі сүйер көрермендер! «Қуыршақтар сөйлейді» атты қуыршақ театрына қош келдіңіздер. Бізге ата-бабадан мұра болып қалған құнды шығарманың бірі ертегі . Оның қай-қайсысын алсақта тәрбиелік мәні өте көп екен. Ата-мұрадан бізге өнеге болып қалған ертегілердің мәні мен мағынасы өте зор. Ертегінің тыңдаушысын өзіне тартатын құлағы болады. Мысалы : ертегілер «ерте, ерте, ертеде» немесе «баяғы заманда» деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады.
Бар екен де жоқ екен,
Ертек- ертек, ерте екен.
Ешкілері жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен,
Ертегіден қызық екен деп басталатын құлақтары болады.
Ал, қазіргі тыңдайтындарыңыз « Бірде орман ішінде »деп басталатын «АқТиін мен қасқыр» ертегісін тамашалайсыздар.
Автор: Бірде орман ішінде Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлай кетеді. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынады.
Ақтиін: Қасеке ,
— Мені жеме, жіберші.
Қасқыр:
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айтшы: неліктен сендер әр уақытта шат –шадыман болып жүресіңдер?
Ақтиін:
— Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін.
Қасқыр : жіберейін, бірақ сен ,,,,,
Автор: Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақтиін болса, ағаш басына шығып алады.
Ақтиін:
— Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады.
Сондықтан әрқашан ашулы жүресің. Ал, біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат- шадыман болып жүреміз.
Автор: ақтиін cылқ-сылқ күліп, ағашқа өрмелеп шығып жөненіне кетеді. Ақтиін : хи –хииии
Жүргізуші: — Ертегі сіздерге ұнады ма?

  • Ендеше келесі тамашалайтын ертегі «Ертеде бір шал мен кемпір болыпты» деп басталатын «Бауырсақ ертегісін» көруге шақырамыз.
    Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:
    шал: Маған бауырсақ пісіріп берші
    Кемпірі : Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
    шал : Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
    Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі.
    Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып–жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.
    Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян кездеседі.
    Қоян айтады: Бауырсақ, бауырсақ!
    Мен сені жеймін!
    Бауырсақ : Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдасаң.
    Қоян : Жарайды, ендеше, айта ғой
    Бауырсақ:
    Менің атым – Бауырсақ,
    Қызарып пістім – көңлім шат.
    Қамбаның түбін қырнаған,
    Елеуішпен елеген.
    Күйдірмей майға пісірген.
    Атайдан да құтылдым,
    Әжейден де сытылдым,
    Қоян сенен құтылу,
  • Қиынемес–бұлмаған!
    Оқушылар ертегіні сахналап шықты.
    Жүргізуші: Мақтаншақтық – жақсы емес ей, балалар, — деген оймен бітірдік ертегіні.Келіп тамашалағандарыңызға көп –көп ракмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.