«Aluminium» тақырыбындағы сабақ

Үштілділік – заман талабы. 22 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жаратылыстану -математикалық цикліндегі пәндер бойынша үштілділікті зерделеу және әдістемелік көмек беру мақсатында ашық сабақтар берілді. Мектебімізде химия пәні мұғалімі Садыбекова Айнаш Ермекқызы 9 «А» сыныбында «Aluminium» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Ағылшын тілінде аудио тыңдату, бейнебаян көрсету, тәжірибе жасату, пікірталас, «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы монологтік және диологтік тілдесу дағдыларын қалыптастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.