“Electrification of bodies. Electric charges” тақырыбында сабақ

Үштілділік. Үштілділік- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін ең басты қажеттіліктердің бірі. Бүгін 8 «А» сыныбында физика пәнінің мұғалімі Аленов Батыр “Electrification of bodies. Electric charges” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында мұғалім сыныпты «Өткізгіштер», «Шала өткізгіштер», «Диэлектриктер» деп 3 топқа бөлді. «Адасқан әріптер» әдісі бойынша термин сөздермен жұмыс жүргізілді. «Quizizz.com» сайты арқылы тест алып, оқушылардың білімін тексерді. Кері байланыс «Padlet» тақтасы арқылы жүзеге асырылды. Мұғалім сабақ барысында тек ағылшын тілінде сөйлеп, оқушылардың тілді меңгеруіне барынша мүмкіндік жасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.