«Олимп шыңы» олимпиада жүлдегерлерімен кездесу

«Олимп шыңы» олимпиада жүлдегерлерімен жүздесу. Қонақта мектеп түлектері:

Елеусіз Тоқтагүл Қаметқызы – Аудан бойынша Республикалық пәндік олимпиада шыңын ең алғаш болып бағындырған біздің мектептің түлегі, «Еркемай» бөбекжай-бақшасының әдіскері

Қаржауова (Есбергенова) Шынар Төлеуғазықызы — «#4 ЖОББМ» КММ -мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары.

Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы. – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, PhD [пи-эйч-ди]-доктор. Нұр-Сұлтан қаласы

Нұрманова Гүлжайна Нұрболатқызы — Сулейман Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы,«Казақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының координаторы, педагогика ғылымдарының магистрі, PhD [пи-эйч-ди] — докторант.

Балмағанбетов Исламбек — Екі жыл қатарынан республикалық пәндік олимпиада жүлдегері, 11 сынып оқушысы .

Дайрабаева Ұлман Дайрабайқызы — 2021-2022 оқу жылының өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық пәндік олимпиаданың Алтын медаль иегері, 11 сынып оқушысы қатысты.

Олимп шыңын бағындырған түлектер ұстаздарына шексіз алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.