«Толағай» отбасылық-спорттық сайысы

«Сынып жетекшінің рөлі-тәрбие жұмысының негізгі тетігі» атты сынып жетекшілер апталығының жоспары аясында 4 — сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Толағай» отбасылық-спорттық сайысы болып өтті. Сайысқа үш сыныптан үш отбасы қатысып, өздерінің спортқа деген жанашырлықтарын көрсете білді.Сайыс өте қызықты өтті. Сайыста отбасы мүшелері түрлі тапсырмаларды орындай отырып, белсенділік танытты. Сайыс жеңімпазы «Жандуллаевтар» отбасы 1-дәрежелі дипломмен, «Еркінғалиевтер» отбасы 2-дәрежелі дипломмен, «Ержановтар» отбасы 3-дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Сынып жетекшілері сайысқа қатысқан отбасы мүшелеріне алғыс айта отырып, бағалы сыйлықпен марапаттады.

Өткізгендер: Дарменова Ж. М, Сарина З. М, Бақтыбаева Г. С

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.