Насамбаева Жанар Темирхановна

Аты — жөні: Насамбаева Жанар Темирхановна

Қызметі: Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмыс өтілі: 22 жыл

Санаты: Педагог — зерттеуші


ЖЕТІСТІКТЕРІ:

ҚР Білім және ғылым вице-министрінен республикалық пәндік олимпиаданың І дәрежелі жеңімпазын дайындағаны үшін «Алғыс» -2022 жыл.

Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» -2021 жыл

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы»-2021 жыл

2015 жылы облыс деңгейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыру» атты шығармашылық есебін беріп, әдістемелік құралы таратылды, пән мұғалімдерінің семинарында мастер-класс көрсетті.

2016 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама қорғап, патриоттық акті мен рухани білімнің байланысын шебер көрсете алды.

2017 жылы «Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтің рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту» атты республикалық әдістемелік көпірде өз тәжірибесінің озық тұстарымен бөлісті.

2018 жылы «Рухани жаңғырудың  түп тамыры-өзін-өзі тану» атты әдістемелік жинағы ISBN саны бойынша баспаға ұсынылды.

Оқушылары республикалық ғылыми жоба,  жыр-мүшәйраның жеңімпаздары, өзін-өзі тану пәнінен өткізілген алғашқы республикалық  пәндік олимпиадада 2018 жылы Г.Талмағанбетова 1-орын жүлдегері атанса, 2022 жылы Ұ.Дайрабаева  1-орын алды. «Самопознание.KZ» журналына оқушыларының  шығармашылық жұмыстары жарияланды.

Облыстық өзін-өзі тану пәнінің «Ең үздік жоба» конкурсында 1-орын, «Үздік пән мұғалімі» сайысында гран-приге қол жеткізсе, үздіксіз еңбегі үшін облыс әкімінің алғыс хаты мен білім басқармасының  сыйақысын иеленді.

Республикалық «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі-2020» конкурсында 504 педагог ішінен алғашқы ондық қатарында болып, сертификат иеленді.

2021 жылдан бастап АҮДҰИ-дің тренері боп, республика мұғалімдеріне қашықтықтан білім жетілдіру курсынан дәріс беруде.

Бірнеше республикалық вебинарларда озық тәжірибелерімен бөлісіп, «Алғыс хаттар» иеленді.

Облыстық кәсіподақ кеңесінің құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.