«Сыр сандық» өлеңіндегі антонимдер тақырыбындағы іс-әрекетті зерттеу сабағы

«Lesson study» тәсілі бойынша 11ә сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Ж. Қ. Елекбаеваның С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі антонимдер тақырыбындағы іс-әрекетті зерттеу сабағы өтті.

Сабақ мақсаты: автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Сабақ барысында «Бір досым бар» әнін тыңдату арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашып алып, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтады. Автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындады. Қазақтың біртуар азаматтарының өзге ұлт өкілдерімен достығы туралы түсінік берілді. «Тұжырым кестесі» арқылы өлең мазмұнын мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырды. Топтастыру әдісімен достық тақырыбын ғаламдық тақырыптарымен байланыстырды. Достық ұғымының қаншама ғасыр өтсе де, мәңгілік екендігі айқындалды.

Сабақ соңында А, В, С деңгейіндегі оқушылардан сұхбат алынып, пікірлері тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.