«Дарындылық: ізденіс, білім, нәтиже» тақырыбында онлайн конференция

Бүгін «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен дарынды балалармен жұмыс бойынша координаторлар мен мұғалімдерге арналған «Дарындылық: ізденіс, білім, нәтиже» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық онлайн-конференция болып өтті. Конференцияда баяндамашылар «Дарынды оқушылармен шығармашылық-зерттеушілік бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» , «Шығармашылық жұмыстарды жазу тәртібі» және т.б тақырыптарда өздерінің осы бағыттар бойынша жүргізген іс-тәжірибесін ортаға салды. Конференция барысында гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша ғылыми жобаның теориялық және практикалық бөлімдерін жазу алгоритмі түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.