Әліби Тоғжанұлы Жангелдин

Әліби Тоғжанұлы Жангелдин 1884 жылы Торғай даласының Қайдауыл ауылындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келеді. Орта жүздің қыпшақ руынан еді. Отбасында сегіз бала болыпты: үш ұл және бес қыз бала. Әліби баланың тұңғышы және үлкені болғандықтан, әкесіне байдың қойын бағысуға көмектескен. Байлар малын шұрайлы Қайдауыл жеріне Әлібидің әкесіне қалдыратын. Мал бағудан бөлек әкесі жиі аңға шығатын және әрдайым ұлын бірге алып жүретін. Әлібиді бөдене, қаздарды атумен шынымен қызықтыратын. Қайдауыл өңірінде көп кездесетін ақбөкендер мен аққұйрықтарды да аулаған. Әліби жеті жасынан атқа шабатын.
Ерте жасынан Әлібидің оқуға деген зор ынтасы болды, алайда жақын арада мектептердің жоқтығы бұған кедергі болды. Бір күні Торғайдың бір мұғалімі Қайдауылға келді. Жас Әліби ұстаздың оқалы бас киіміне, алтын түймелі былғары бешпентіне, жалпы ісем киінгеніне қызығып, мұғалім болу деген ойы пайда болды. Торғайлық мұғалім оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады.Әлібидің әкесіне бұл ой мүлдем ұнаған жоқ, оқу туралы тіпті тыңдағысы келмеді. Алайда көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады.
Жанкелдин естелігінен: “Жер дүниені айналу саяхаты төрт жылдан артық уақытқа созылды. Мен теңіз және темір жолдармен жүргенді есептемегенде, фотоаппаратымды арқалап, жаяу он екі мың шақырым жүріп өттім. Күндіз жүріп өткен жерлерімді суретке түсіріп, түнде оларды химикаттармен айқындап, шығарып отырдым. Дәрістер оқып, баяндамалар жасап, суреттер сатып, тамағымды асырадым. Мен жаяу Польшаны, Австро-Венгрияны, Сербияны, Болгарияны, Турцияны, Сирияны, Палестинаны, Африканы, Египетті, Абиссинияны басып өттім. Кері оралған жолымда айналып отырып, Араб түбегі, Мессопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон аралы, Малая архипелагы, Үндіқытай түбегі, Сиам корольдігі, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Формозу аралы арқылы жүріп өттім. 1912 жылы Жапонияға жеттім.”

  • 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті.
    1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты.
    1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды.
    1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады.
    1917 жылы қарашада РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы.
    1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы, әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды.
    1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті.
    1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары.
    1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы.
    1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды.
    1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924).