Анықтама

«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстары туралы анықтама

Зерттеу негізі: мектепішілік бақылау жұмыс жоспарына сәйкес
Зерттелген уақыты: 15-17 қазан 2021 жылы
Зерттеу объектісі: пән бірлестіктерінің құжаттарының жүргізілуі
Зерттеу мақсаты: Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің іс-қағаздарының талапқа сай толтырылуын, жинақталуын тексеру.

Пәндік әдістемелік бірлестіктер саны – 5. Мұғалімдердің іс-қағаздары, лауазымдық міндеті, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, озат тәжірибені тарату жұмыстары, дарынды оқушылармен жұмыс т.б. құжаттарының жүргізілуі қанағаттанарлық деңгейде екенідгі анықталды. Қазақ, орыс, ағылшын тілі, бастауыш бірлестіктерінің іс-қағаздары жүйеленіп жинақталған. Математика-физика-информатика, жаратылыстану, тарих, өзін-өзі тану бірлестіктерінде қажетті құжаттар жинақталған, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілген. Уақытылы өткізілмеген жұмыстарға ескерту жасалынды. Дене тәрбиесі, эстетика бірлестігінің құжаттары толық емес. Яғни, портфолиоларын толықтыру керек. 
    Оқушылардың күнделіктері, жазба жұмыс дәптерлері, күнделікті жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырылады. Білім сапасын арттыру мақсатында, мұғалімдердің сабақ өту дәрежесін көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Сабақтың үлгерімі төмен оқушыларды тізімге алып, сынып жетекшісі, пән мұғалімі баланың ата-анасымен тығыз байланыс орнатып, қадағаланды. Сынып жетекшілер жеке жұмыстар жүргізіп отырылады.
Бірлестіктер және орынбасар жанындағы отырыстар уақытында жүргізіліп, жоспар бойынша бекітілген мұғалімдер әртүрлі тақырыпта баяндамалар оқып, өз тәжірибелерін ортаға салып талданды. Әр отырыстағы жұмыстар талданып, қаулы қабылданып, хаттамалар жазылып отырылды.
Оқушылардың жыл бойы алған білім, білік, дағдылары тексеріліп сын жұмыстары, тесттер, оқу техникасы алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *