Ағылшын тілі пәні мұғалімі Еркебаева Айгүлдің сабағы

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.Бүгін “Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ” КММ-де “Lesson Study” тәсілі бойынша “Лидер” зерттеу тобының жұмыс жоспарына сәйкес 9 “ә” сыныбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Еркебаева Айгүлдің сабағы болып өтті. Сабақ барысында “А”, “В”, “С” деңгейлері бойынша оқушылар зерттелді. Сабақтан соң оқушылардан сұхбат алынып, бақылаушы мұғалімдердің ұсыныстары талқыланды.