“Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері”

“Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ” КММ-де “Lesson Study” тәсілі бойынша “Жаратылыстану” зерттеу тобының жұмыс жоспарына сәйкес 10 «А» сыныбында биология пәні мұғалімі Сейтқалиева Гүлмира Шакиқызының “Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері” тақырыбындағы сабағы болып өтті. Сабақ барысында “А”, “В”, “С” деңгейлері бойынша оқушылар зерттелді. Сабақтан соң оқушылардан сұхбат алынып, бақылаушы мұғалімдердің ұсыныстары талқыланды.