“Days of the week” тақырыбындағы сабақ
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуіне көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп
талдау арқылы оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасатыны анық. Бұл жағдайда оқыту аспектілерін ұстаным тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз. Бұл тәсіл әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, біз өз оқушыларымызды жеке тұлға ретінде анағұрлым жақсы тани бастаймыз.Бастауыш сынып мұғалімі, “Lesson study” тәсілі бойынша жетекшілік ететін Мұқанова Жайнагүл Жоламанқызы тобының мүшесі, ағылшын тілі пәні мұғалімі,жас маман Сағынаева Аружан 3″Ә” сыныбында “Days of the week” тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында бақылаушылар зерттеу нысанындағы оқушылардың іс-әрекетін жіті қадағалап, бақылап отырды. Сабақтан соң үш оқушыдан сұқбат алынып,олардың ой-пікірлеріне ерекше назар аударылды. Топ мүшелері отырыс жасап,жоспарланған нәтижемен салыстыра
отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуге қажетті мүмкіндіктерді қалай анықтауға болатындығы туралы ой бөлісті.