«Адалдық дүкені»

Бүгін мектебімізде «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектеп қабырғасында «Адалдық дүкені» ашылды.

Негізгі мақсаты: қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адамдыққа тәрбиелеу.
«Адалдық дүкенінің» өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Бұл адам бойында тазалық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ. Бүгінгі мектебімізде ашылған «Адалдық дүкенінің» — білім алушыларымыз үшін нағыз тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *