«Жарқын көңіл-жомарт күз» көрме
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа сұлулық сыйласа, бірі кайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп, өз сұлулығымен таң қалдырып, адамдардың жүрегінен орын алады. Сол мезгілдердің бірі- алтын күз, табиғатымызды сары жапырақтарымен сәндеп, қоңыр салқын ауа-райына кенелтеді. Бау-бақша жиналып, молшылықтың, байлықтың, берекенің болатын уақыты. Осындай күз мезгілінің кереметін балаларымызға насихаттау барысында мектебімізде каникул кезіндегі жоспарға сай «Жарқын көңіл-жомарт күз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге балалар өз қолдарынан жасалған шығармашылықтарын паш етті.