“Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны” поэмасы бойынша

“Lesson Study” тәсілінің тиімділігі мынада: біріншіден,зерттеу сабағы мұғалімдер ұжымы жүзеге асыратын ұзақ процесс болса, екіншіден,ол оң динамикаға, сабақтарды өзгертуге және жақсартуға бағытталған практикалық және зерттеушілік сипатқа ие. Сонымен қатар бұл тәсіл бір сыныпты оқытудағы негізгі мәселелерді жүйелі түрде талдау арқылы шешуге мүмкіндік береді. Бұл әдісті іс жүзінде жүзеге асырудың сәттілігі және оның тиімділік дәрежесі мұғалімнің ғана емес, оқушының да күш-жігеріне тікелей байланысты.Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы 9″Ә” сыныбында “Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны” поэмасы бойынша сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында “5 қадам” әдісін пайдалана отырып, өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқыға салды. Оқушыларға поэманың негізгі идеясы мен психологизмін анықтауға әр түрлі тапсырмалар беру арқылы балаларды сыни тұрғыдан ойлау үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. Сабақ шығармашылық тапсырмаларға толы болып, мұғалім оқушылардың қызығушылығын оята білді. Оқушылар Махамбеттің шығармашылығына арнап өлеңдер құрды. Зерттеу нысанындағы үш оқушы сабақ барысында басқа қырынан танылып, белсенділігімен көзге түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *