«Кукольный театр своими руками» тақырыбында қала мектептері арасында байқау

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен білім ордасының 60 жылдық мерейтойының жұмыс жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен білім ордасында 35 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп, өзінің ерекше тағылымды істерімен, үлгі-өнегесімен шәкірттерінің сүйікті ұстазына айналған, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан «ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері, еңбек ардагері, жоғары санатты ұстаз Байшурина Сулико Садыковнаны еске алу мақсатында «Кукольный театр своими руками» тақырыбында қала мектептері арасында байқау болып өтті. Байқау барысында оқушылар орыс публицисі,ақын И.А.Крыловтың мысалдарынан көрініс көрсетті. Қатысушы мектептердің барлығы да жақсы дайындықпен келгендігі байқалды. Байқау нәтижесінде «№4 ЖОББМ –нің» оқушылары 1 орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *