«Ақжол» ер балалар клубының жиналысы

«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес», өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.

Зейнолла Қабдолов жазушы ағамыз айтып кеткендей «Ұстаздық – ұлы нәрсе».

Мектебімізіде 8-11 сынып оқушыларымен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.Ермағанбетов және аудандық ПБ-нің учаскелік инспекторы капитан Ж.А.Мұқанбетжанов, мектебіміздің ер мұғалімдері, мектеп психологі Ж.А.Ерғалиеваның қатысуымен «Ақжол» ер балалар клубының жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алу, зиянды заттардан аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.