«Web-бетте скриптерді қолдану» тақырыбында сабақ

10 «а» сыныбында «Lesson Study» тәсілі бойынша «Шабыт» тобының жетекшісі Альмуратова Гүлжан басшылық ететін топ мүшесіндегі информатика пәні мұғалімі Насамбаева Алтынгүл «Web-бетте скриптерді қолдану» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ үш тілде өтті. Жетелеуші сұрақтар арқылы актуалдап, зерттеуші сұрақтар арқылы жаңа сабақ меңгерілді. Білім алушылар сабаққа мақсат қоя отырып, шектік деңгейге жетуге дейін әр этап бойынша жұмыстанды. Терминологиялық сөздерді жаттап, жатқа жазып, өзара тексеріп, жұптық жұмыс жанданды. Практикалық бөлімде сайтта скриптерді құру үшін html -кодты жаза біліп, әрбір тэгтерді үш тілде түсіндіре білді. Алған білімдерін quiz платформасымен пысықтады. Кері байланыс жүргізіп, өзін-өзі бағалау тамаша жүзеге асты. Нысанадағы оқушылардың тапсырма орындаудағы белсенділіктері өте жоғары болды.