Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты мәнерлеп оқу байқауы

Мектепішілік бастауыш сыныптар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, бастауыш сынып мұғалімі Бақтыбаева Гүлмираның ұйымдастыруымен «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.

Мәнерлеп оқу байқауына 1-4 сыныптар қатысты. Әр сыныптан бір оқушы шығып, мәнерлеп оқу кезінде өздерінің ұлттық киімдерімен, дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқу шеберлігімен сахнаны жандандырды. Байқау өте тартымды, әділ өтті. Әділ-қазы алқалары әділ шешім шығара отырып, жас ерекшеліктеріне қарай, 1-2 сыныптарды бөлек, 3-4 сыныптарды бөлек бағалады.

Байқаудың жеңімпазы 3 «А» сынып оқушысы Серікбай Шерхан өлеңді тебірене, әсерлі оқып, көрерменнің көзіне жас алғызды.

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *