Жас мамандар апталығы

04-09.04.2022 күндері  аралығындка «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»  тақырыбында аралығында  жас мамандар апталығы өтті.

Мақсаты: Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету.

Міндеттері:

Жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарын көрсету, қиындықтардан өтуіне көмек беру;шығармашылық ізденіске баулу.

05.04.күні апталықтың ашылуы жас мамандардың жүргізуімен монолог «Оқушы мен жас маман» оқылып, «Жас ұстаздар» әнімен жалғасты. Жас мамандар жетекшісі Ж.Ж.Мұқанова апталықтың жұмыс жоспарын таныстырды.

Жас мамандар Сағынаева Аружан мен Аманжолова Сандуғаш 10-сынып оқушыларымен «Жақсы көңіл-күй-жан шуағы» тақырыбында тренинг өткізді.Мақсаты:Оқушылар өзін-өзі  ұстай білуге,көңіл-күйлерін көтеріп,эмоциялық қысымды жоюға,бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып,көмек көрсете білу.

Осы күні  «Көңілді үзіліс» кезінде жас мамандар Сағынаева Аружан мен Аманжолова Сандуғаш оқушылармен қызықты логикалық тапсырмалар ұйымдастырды.

06.04.-де Аманжолова Сандуғаш 4-сыныптар арасында «Білімділер додасы» сыныптан тыс жұмысын өткізді.Сандуғаш оқушыларға «Kahoot»программасы бойынша тест тапсырмаларын беріп қызықтыра білді.Сайыс соңында сол программа арқылы жеңімпаз анықталып,марапатталды.

Темірханов Әлішер «Жұптық және топтық ойындар.Эстафеталық ойындар» тақырыбында 3 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар сапта бір қатардан екі,үш қатарға бөліну түрлерін өте жақсы көрсете білді.Сынып екі топқа бөлініп эстафеталық қызықты ойындар арқылы жарысқа түсті.

07.04 күні Сағынаева Аружан 2 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: «Changing  season»

Аружан өзінің өзекжарды мәселесі бойынша  қызықты тапсырмалар,ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттыра білді.

Осы күні Дәрібаев Мұхтар «Көңілді үзіліс» кезінде 8-9 сыныптарға оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру мақсатында «Кім шапшаң?» Автоматты бөлшектеу және жинақтау жұмысын ұйымдастырды.Бұл уақытта оқушылардың ептілігі мен шапшаңдығы байқалды.

Осындай «Көңілді үзіліс» уақытында Темірханов Әлішер оқушылармен «Жаяу тартыс», «Оқтау тартыс», «Көтеріп кет» сияқты ұлттық ойындар жүргізді.Оқушылар ойынға белсенділікпен қатысты.

08.04 күні Дәрібаев Мұхтар 10,11,8- сынып оқушыларымен «Жас сарбаз» патриоттық сайыс өткізді.

Оқушылар автоматты бөлшектеу және жинақтау,нысананы көздеу кезеңдері арқылы сайысқа түсіп нәтижесінде 8-сыныптың қыз балалары өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін танытып

 Ғалымжан Хадиджа, Мейрамбекова Жанерке жеңімпаз атанды.

Жас мамандардың тәлімгерлері М.А.Асылова мен Ж.Ж.Мұқанованың ұйымдастыруымен «Менің педагогикалық тұлғалық орным» тақырыбында жас мамандармен тренинг өткізілді.Мақсаты:

 Жас мамандарға кәсіби орнығуға, бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына кеңес, көмек беру. Тренинг жас ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлап, ортаға бейімделу, бір-бірін жақсы танып білу, жақын қарым-қатынасқа түсу мақсатында өте жоғары дәрежеде өтіп, өз нәтижесін көрсетті. 

Мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.Е.Садыбекова «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлері» тақырыбында жас мамандарға коучинг өткізді.

Коучингке жас мамандар мен олардың тәлімгерлері қатысты. Коучинг барысында Айнаш Ермекқызы әуелі тақырыпты ашу мақсатында қатысушыларға бейнебаян мен сурет көрсету арқылы ассоциация жасатты.Жас мамандарды топқа бөліп оларға тапсырмалар  берді.

-Сіз сабағыңызда үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыстар жүргісесіз?

Үлгерімі төмен оқушыларды өз тәжірибеңіз арқылы өзгерте алдыңыз ба?

Жас мамандар өдерінің оқыту үдерісінде кездескен қиындықтар мен оларды қандай тиімді әдістер арқылы шеше алғандығы туралы өз тәжірибелерін ортаға салды Қорытынды: Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас ұстаздардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. Жас мамандарға қолдау және көмек беру мақсатында ұйымдастырылған апталық өз мақсатына жетті.