«Lesson study» тәсілі бойынша зерттеу топтарының жылдық жұмысының қорытындысы

«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ-де «Lesson study» тәсілі арқылы сыныпты зерттеу топтарының жылдық жұмысын қорытындылау мақсатында мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары А.Садыбекованың ұйымдастыруымен әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Мектебімізде «Lesson study» тәсілі бойынша зерттеу жүргізіп жатқан 8 топ бар. Отырыс барысында топ жетекшілері өздері бақылауға алған сынып оқушыларын зерттеу кезіндегі жүргізген жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы іс-тәжірибесін ортаға салды. 8 «ә» сыныбы бойынша зерттеу тобының жетекшісі Төлеуова Сая өз сыныбында осы тәсілді қолдануда оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым сияқты тілдік құзыреттіліктерінің артқанын атап көрсетсе, 10 «ә» сыныбының топ жетекшісі Ж.Құрманалина аталған сыныптың білім сапасының артқанын мәлімдеді. Баяндамашылар осы бағыттағы жұмыстарының тың өзгерістерге жетелегендіктері туралы айта келе, болашақта осы тәсіл жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *