«Аденозинтрифосфат құрылысын сипаттау»
Үштілділік. Үштілділік-заман талабы. Мектебімізде жаратылыстану пәндері бойынша үштілділікке байланысты біліктілік арттыру курсынан өтіп келген мұғалімдер өз жұмыстарын бастап кетті. Биология пәнінің мұғалімі Сейтқалиева Гүлмира 10 «А» сыныбында «Аденозинтрифосфат құрылысын сипаттау» тақырыбында сабақ өткізді. Мұғалім сабақтың кейбір кезеңдерінде ағылшын тілінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тақырыпқа сай терминдерді пайдалана отырып тапсырмалар орындатты. Оқушылар терминдерді сабақта еркін қолдана отырып, әр тапсырманы сәтті орындады.