«Сабақ үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбындағы коучинг

Бүгін «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ-де мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Садыбекова Айнаш Ермекқызының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған «Сабақ үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингке жас мамандар мен олардың тәлімгерлері Асылова Майра Алманқызы мен Мұқанова Жайнагүл Жоламанқызы қатысты.
Коучинг барысында Айнаш Ермекқызы әуелі тақырыпты ашу мақсатында қатысушыларға бейнебаян мен сурет көрсету арқылы ассоциация жасатты. Жас мамандарды топқа бөліп,оларға мынадай сұрақтарға жауап беруге тапсырмалар берді:
• Сіз сабағыңызда үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыстар жүргізесіз?
• Үлгерімі төмен оқушыны өз тәжірибеңіз арқылы өзгерте алдыңыз ба?
Келесі тапсырма жас мамандардың тәлімгерлеріне беріліп, оларға жас мамандарға үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуде қандай әдістемелік көмек көрсете алғандығы туралы постер қорғатты. Жас мамандар өздерінің оқыту үдерісінде кездескен қиындықтар мен оларды қандай тиімді әдістер арқылы шеше алғандығы туралы өз тәжірибелерін ортаға салды. Коучинг өз мақсатына жетті.