Педконсилиум
23.04.2022 күні 4 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерделеу жұмысын қорытындылау мақсатында сынып мен орта буын арасындағы сабақтастастықты зерделеу барысында мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Садыбекова Айнаш Ермекқызының ұйымдастыруымен педконсилиум болып өтті. Педконсилиумға 4 сынып жетекшілері мен орта буынға өткенде сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. ББҮ стратегиясын пайдалану арқылы мұғалімдерді үш топқа бөліп, әр топқа мынадай тапсырмалар берілді:
- Бастауыш сыныпта жақсы үлгеріммен келген оқушының білім сапасы 5 сыныпқа келгенде түсіп қалады. Себептерін атаңыз.
- Бастауыш сыныпта жақсы үлгеріммен келген оқушының білім сапасы 5 сыныпқа келгенде түсіп қалады. Бұл проблеманы қалай шешер едіңіздер?
- Сіз келесі жылы бастауыш сыныптан негізгі мектеп сатысының алғашқы баспалдағын аттағалы тұрған оқушыларға сабақ бересіз. Оқушылардың осы сыныпқа бейімделуін зерделеу үшін қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?
Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды сәтті қорғап, толық талдау жасай білді. Мектеп психологі Ерғалиева Жангүл 4-сынып оқушылармен жүргізген диагностикалық талдауына тоқталып өтті. Соңынан қатысушылардан кері байланыс алынып, олар «білім ағашына» стикерлер жапсырып, өткізілген шара туралы өз ойларын жеткізді.