Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің берілуін бақылау
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің берілуін бақылау
2021-2022 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер бірлестігінің жылдық жұмысының қорытынды есебі
Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамына 19 мұғалім енеді. Мұғалімдер сапасының құрамы талапқа сай. Маман емес мұғалімдер жоқ.
Тамыз айының соңғы күндерінде гуманитарлық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар, жаңа бағдарлама бойынша сабақ беретін (5-7 -сынып) мұғалімдердің ҰМЖ,ОМЖ ж/е күнтізбелік жоспарлары, оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі таңдау пәндерінің бағдарламалары қаралып, бекітуге жіберілді.
Жұмыс дәптерлері,бақылау жұмыс дәптерлерінің әр сыныпта басталғандығын тексеру, сондай-ақ күнделікті жұмыс дәптерлерінің тексеріліп тұруын қадағалау және алғашқы бақылау жұмыстарының кестесі құрылды.
Бірлестік алғашқы жұмысын 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне арналған іс- шараларының жоспарынан бастады.
Мерекелік іс-шараны 2020-2021 оқу жылының 21-25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып,бекітілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», 2020-2021 жылдарға арналған мектепте 12 жылдық білім беруге көшудегі үш тілділікті іске асыру.Үш тілде сөйлеуді меңгеру;Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, үш тілде еркін сөйлеу.Тіл мәдениетін жетілдіру
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» /жоспармен таныстыру/ құттықтау бұрышын ұйымдастыру:
- Қарашолақ М
- Насамбаева Ж
«Тілім тірегім, соғып тұрған жүрегім» онлайн эссе байқауы:
- Төлеуова С
- Бигелдинова Ж
«Сүйемін туған тілді, анам тілін….» онлайн мәнерлеп оқу байқауы:
- «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу челенджі
«Тіл мәртебесін ұлықтайық!» ҚР Тілдер заңы туралы онлайн конференция, қорытынды:
- Бигелдинова Ж
- Қарашолақ М.
Үштілділікті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешендік жоспарын іске асыру аясында 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған апталық жоспар бойынша жүргізілді. Тілдер мерекесінде қарастырылған іс-шараларға бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары да қатысты. Күнделікті жүргізілген іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп,қорытындысы ӘБ жиынында талқыланып , олқылықтар дер кезінде түзетіліп отырды. Әр күнгі іс-шарада оқушылар үштілділікке бағытталған тапсырмаларды толықтай қызығушылықпен орындап шықты.
Тілдер мерекесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан пән мұғалімдері мен ұстаздарға ауызша түрде алғыс жарияланды.
Бірлестіктің екінші отырысында Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Елекбаева
«Оқытудың озық әдіс- тәсілдерін ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде жүргізе отырып, шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру» атты баяндама оқыды. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық сауаттылық, саяси- экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналатынын. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап ететіндігін. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылып жатқандығына баса назар аударды.Сонымен қатар,әріптестерінің пікірі мен сауалдарына да көңіл бөлінді.Бірлестік мұғалімдері аудандық білім бөлімі хабардар еткен республикалық,облыстық,аудандық семинарлар мен оқуларға белсенді қатысып тұрады.