ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ арналған мектепішілік айлықтың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық ұлттың тілін құрметтеу, ақын-жазушылардың шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мектеп директоры А.О.Оспанова, мектепішілік «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы М.Қ.Қарашолақ оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар «Тілдер патшалығы» композициясын ұсынып, күймен мерекеге әр берді.