Жас мамандар отырысы

Бүгін мектебімізде жас мамандар отырысы болып өтті. Отырысқа жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1.Өткен оқу жылында жүргізілген жұмыстарға анализ жасау және кездескен кедергілерді анықтау.

2. Жаңадан келген жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту.

3.Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптармен таныстыру.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жас мамандар кураторы,тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі Мұқанова Жайнагүл өткен оқу жылында жас мамандарға көрсетілген әдістемелік көмек пен олардың жеткен жетістіктері туралы мәлімдеме жасады. Жас мамандар Сағынаева Аружан мен Аманжолова Сандуғаш кездескен проблемаларды шешуге тәлімгерлерден алған кеңестердің ықпалының зор болғанын, кәсіби өсуіне көмегі тигендігін айтып, ризашылықтарын білдірді. Мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Садыбекова Айнаш Ермекқызы тәлімгерліктің қағидалары мен ережесін таныстырып өтті. Отырыс соңында мектеп директоры Оспанова Алия Оспановна жас мамандар мен тәлімгерлерге шығармашылық шабыт тілеп, практикалық маңызы бар өз идеяларын ұсынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *