“Біліктілікті арттыру-кәсіби өсу” семинар

Биыл білім беру ұйымы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалымен меморандумға отырды. Жаз айында бірнеше әріптесіміз осы орталықтан біліктілік арттыру курстарынан өтіп, өз білімдерін жетілдіріп келді.

15.09.2022 жылы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ” КММ-де мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары А. Е. Садыбекованың ұйымдастыруымен “ Біліктілікті арттыру-кәсіби өсу” тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинарда тарих пәні мұғалімі Мадияров Серікбай “Инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері” туралы толық мағлұматтар берсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық “Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу” тақырыбында жан-жақты талдау жасады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарашолақ Марита “Кері байланыс берудің” сәтті көрінісін көрсетті.Семинар соңында мектеп директоры А.О.Оспанова қазіргі таңда «Lesson study» тәсілінің педагогтердің кәсіби өсуіне және оқушылардың білім сапасын арттыруда маңызы зор екендігіне ерекше тоқталып, баяндамашыларға алғысын білдірді.