Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бұл жолдауда референдум аясында Ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың «іс жүзінде жүзеге асырыла бастағанын көруге болады.

  • Ел Президенті «Әрбір отбасы елдің ұлттың байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс» екенін атап өтті. Бұл ретте, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынды. Осылайша жеріміздің асты мен үстіндегі байлықтың игілігін нақты көруге болады. Мөлшері қанша болатыны белгісіз десе де, 18 жылда жиналған қордың бір кәдеге жарары сөзсіз.
  • Халық әдетте әр жолдаудан үміт күтіп, әлеуметтік тұсына назар аударатыны белгілі. Себебі бізге күнделікті тұрмысымызға нендей жақсылық әкеледі деген ой маңызды. Осы тұста алғанда жемқорлардан тәркіленген қаражаттың мектеп құрылысына жұмсалатыны, кішкентай балаларға төленетін әлеуметтік төлемнің 1,5 жасқа дйін ұзартылуы назарға аларлық жаңашылдық деп есептеймін.
  • Сондай-ақ президент зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажеттігін айтты. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
  • Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.
  • Ол өркениетті сауданы дамыту үшін ставкасы ақылға қонымды және процедуралары жеңіл, бөлшек «Салық реформасы аясында «байлық салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды, сондықтан салықты қолдану аясын кеңейту қажет деп айтты