«Тіл — асыл қазына» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
«Бір ел : бір тіл,бір ұлт» атты Қазақстан халқының тілдері күніне орай 3″А»сыныбында «Тіл — асыл қазына» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өз ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, тіл құдіретінің қымбат қазына екеніне көз жеткізу. Ана тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, тіл шұбарламауға диалог жүргізіп , тіл сөзіне ассосация құрастырды. «Адасқан әріптер» ойыны мен суреттерден мақал құрастырып, шығармашылық жұмыс жүргізілді. Біздің міндеттіміз деп санамалап, кері байланыс жасады.
Сабақ әнші Т. Төреғалидің орындауындағы » Қазақ тілі» караокесімен қорытындыланды.
Сынып жетекшісі Асылова М.А