«Тілім барда тірімін мен мәңгілік» атты сынып сағаты

Бүгін «Бір ел: бір тіл, бір ел» атты Қазақстан халқының тілдері күніне арналған тіл айлығының жоспарына сай 3 «Ә» сыныбында «Тілім барда тірімін мен мәңгілік» атты сынып сағаты болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың ана тілін сүюге, құрметтеуге, қадірлеуге баулу. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сынып сағатында оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, өз туындыларын оқыды. Шығармашылықпен жұмыс жасады. Ана тіліне деген өз құрметтерін білдірді.

Сынып жетекшісі: Бақтыбаева Г. С.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *