Жаңа кітап

‘Оқуға құштар мектеп’ жобасы бойынша кітапханаға “Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті” кітабы келді. Кітап Сейіт Кенжеахметұлы мен «Алматы кітап» баспасының ортақ жемісі болып табылады.

Ғажайып шығармашылық бірлестіктің нәтижесінде пайда болған шығарма қазақ халқының сан ғасырлар бойы сақтап келген дәстүрлері жайында маңызды мағлұматқа бай. Еңбекте қазақтың әдептілік ұстанымдарының мәні мен терең мағынасы ашылып көрсетілген. Кітапта ата-бабамыздың қоршаған орта туралы танымы мен өмірлік ұстанымдары айқын суреттелген. Басылым қазақстандық танымал суретші Нелли Бубэның туындыларымен көркемделген.

Бұл кітапты мектеп кітапханасынан таба аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *