Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес қыркүйек-қазан айларында мектеп әкімшілігі 2-4 сыныптардың сабақтарына қатысуды жолға қойып отыр. Мақсаты — бастауыш сыныптарда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін дамыту үдерісін зерделеу, параллель бақылау жүргізу.

27.09.22. күні мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Садыбекова Айнаш Ермекқызы 2«Ә» сыныбының математика сабағына қатысты.

Сабақтың тақырыбы: «Бір таңбалы сандарды разрядтан аттап қосу кестесі».

Мақсаты- бір таңбалы сандарды қосу кестесін құруды үйрену.Сабақтың өткен сабақпен байланысы «Жедел жауап» әдісі арқылы жүзеге асты. Сабақта сыни ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың жас ерекшелігіне сай мақсатқа жету жолында тапсырмалар орындалды. Жұптық жұмыс, жеке жұмыстарды орындау арқылы сабақтың өнімділігі артып, нәтижеге бағытталған жұмыс түрлері оқушылардың тақырыпты меңгеруіне септігін тигізді. Оқушылар белсенділігі жоғары болды. «Жетістік ағашы» арқылы кері байланыс жүргізілді.

Сынып жетекшісі: М.М.Ешниязова