Кітап оқудың 7 пайдасы туралы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Кітап оқудың 7 пайдасы туралы түсінік беру:

  1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
  2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
  3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
  4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
  5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
  7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *