«Ұлпан» романы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханаға «Ұлпан» романы келді.

«Ұлпан» — Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Романның ерекшеліктерінің бірі — қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы. ?Ескі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген.