«Менің атым Қожа» кітабы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасына Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» кітабы келді.

Ұлттық әдебиетіміздің классигі туындыларын білмейтін оқырман кемде-кем. Әсіресе, «Менің атым — Қожа» шығармасы бірнеше ұрпақтың балалық шағының романы дер едік. Бердібек Соқпақбаев бала табиғатына терең бойлап, мінезінің нәзік иірімдерін, балаға тән шыншылдықты, тазалықты, адамзат баласының бойындағы асыл қасиеттерді жан-жақты суреттей бiлдi.

Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесiз өскендiгiнен деп ойлайды. Қожа өзiнiң мiнезiн, тәртiбiн өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тiптi кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

«Менің атым — Қожа» повесіне түсірілген көркем фильм де көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Туындының өзі әлемнің 61 тіліне, ал фильмі 10-нан астам тілге аударылған.

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *