Виртуальды көрм

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша виртуальды көрме ұйымдастырылды.
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 2 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. 8 қазан 2018 жыл, Алматы қаласында дүниеден өтті. Жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы. Дулат руының Шымыр тармағынан. Төс белгілер және асықтар жинау хоббиі «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған. «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты. ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы. Қырғыз Республикасының Халық ақыны.Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. «41-ші жыл келіні», «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл садақ» романдарының; «Сталинге хат», «Бесеудіңхаты», «Бесінші бұрыш» пьесаларының авторы.

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *