«Мың бала» патриоттық клубына қабылдау рәсімі

«Мың бала» патриоттық клубына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Патриоттық клубқа 9-10 сынып оқушылары қабылданды. «Мың бала» әскери-патриоттық клубының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамуды және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.

«Мың бала» әскери-патриоттық клубының міндеттері:
— адамгершілік-патриоттық тәрбие;
— жастарды әскери қызметке даярлауға көмектесу;
— техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

— Отанға адал қызмет ететін жастарды тәрбиелеу;
— жастар арасындағы өмір салты;

Клуб жетекшісі: М.Б.Дәрібаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *